shape
    shape
    Қонақ үйлер

    Сонымен қаламызда үлкенді-кішілі, арзанды-қымбатты 50-ден астам қонақ үй бар. Олар орналасқан орындарына, бағасы мен көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай бөлінетіні белгілі. Әлбетте қонақ үй бизнесінде бәсекелестіктегі басымдықтарды арттырудың басты жолдарының бірі басқаларға қарағанда барынша жоғары деңгейде сапалы қызмет көрсету. Осыған орай тұтынушы алдымен сайт бетіндегі жарнамадан қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген қызмет көңілден шықпаса, міндетті түрде сайтта шағым-пікірін қалдыру арқылы ойын білдіреді, ал күткендегідей болса әрине, болашақта тағы келеді әрі келушілерге ұсына жүретіні анық. 

    Сонымен қаладағы біршама қонақ үйлердің бағасы мен қызметіне шамалап шолу жасай келе, облыс мәртебесіне ие қаладағы аталмыш қоғамдық орындардың бағасы шарықтап тұрғаны шындық. Бұл қалтасы көтеретін, жоғары лауазымды қызметкерлерге аса ауыр тие қоймас. Ал, сонау алыстан Ясауи бабаның басына тәу етіп қайтуды мұрат еткен немесе шаһарға шаруаларымен келіп қайтатын қарапайым жандардың басым бөлігінің қалтасына оңай соқпасы анық. Мұндайда оларға ыңғайлы, бағасы да қолайлы хостелдер қызметі бар. Бұл орындар өз деңгейінше қызмет етуде. Олардың қатарында Шымкент трассасы бойында орналасқан «Болатбек», Т.Рүстемов көшесіндегі «Руми», Б.Саттарханов даңғылындағы «Караван» хостелдері бар. Мұнда да келушілерге асхана, автотұрақ, интернет, кір жуу орындары қызметі ұсынылған әрі қалтаға қолайлы.

    Яссы қонақ үйі

    Түркістандағы Қожа Ахмет Йесеви мазарының жанында орналасқан және тұрудың тамаша нұсқасы болып табылатын Yassy қонақ үйі өз қонақтарын барынша жақсы қабылдауға қызмет етеді. Қаланың орталығында орналасқан «Яссы» қонақ үйі Қожа Ахмет Йесеви мазары, Керуен-сарай ашық кешені және аудандағы сауда орындарына жаяу қашықтықта орналасқан.

    Қабылдау телефоны: +7 705 439 2498

    Конак үйден кесене көрінісі.

     

    Бір адамык бөлме

     

    Екі төсекті екі кісілік бөлме

    Екі кісілік жататын бөлме

       

    Мейрамхана

       

    VİP Мейрамхана

    VİP Restoran   

     

    Түркістандағы қонақүйлер үшін басыңыз

    shapes
    shapes
    shapes