Басқару
Академиялық департамент
Академиялық департаменттің негізгі міндеттері:
- оқу процесін ұйымдастыру және басқару
- университетте оқу, оқу-әдістемелік жұмыстарын, институционалды және бағдарламалық аккредиттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу, бақылау
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсына қатысу үшін университеттің құрылымдық бөлімдерінен мәліметтерді жинақтап, өтінімді толтыру
- білім алушылар контингенті және аккредиттеуден өткені туралы әкімшілік деректердің жоғары білімнің бірыңғай платформасына толтырылуын қамтамасыз етуді үйлестіру
- университет ПОҚ кадрларды даярлау бағыттары бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау
- профессор-оқытушылар құрамының штаттық кестесін бекітуге дайындау
- факультеттер мен кафедралардың ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіріп, оқу үдерісінің техникалық, әдістемелік және ақпараттық жұмыстарымен қамтамасыз етуді бақылау
- университетте білім беру бағдарламаларын Қазақстан Республикасының стандарттарына сай келуін бақылау, әзірлеу, бекіту, ҚР ҒЖБМ реестріне тіркеуін қадағалау
- білімді бақылаудың жинақтаушы баллдық-рейтингтік жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру (білімді ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау)
- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тарихын жүргізуді қадағалау
- Білім алушылардың қозғалысына байланысты бұйрықтардың уақытында шығуын қадағалау
- Білім алушылардың пәндерді және ПОҚ таңдау жүйесін жетілдіру
- оқу процесіне ғылымның, техниканың, инновациялық технологиялардың соңғы жетістіктерін енгізуді қамтамасыз ету
- тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті білікті бакалаврлар, магистрлер, PhD даярлау үшін жағдай жасау
- ҚР ЖОО арасында білім беру қызметтерін ұсыну бойынша университеттің жетекші орнын қамтамасыз ету, Ахмет Ясауи университеті әлемдік білім беру кеңістігіне ену