Оқу жұмысын ұйымдастыру бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
– Оқу үдерісін кредиттік технология бойынша қамтамасыз ету үшін университеттің құрылымдық бірліктерінің қызметін үйлестіру;
– ОЖҰБ жұмысының сапа менеджментінің жүйесіне қатысты құрылымдық ережесін әзірлеу, енгізу, орындау;
– ҚР ҒжЖБ-нен түсетін кредиттік технология бойынша нормативтік құжаттарды зерделеу;
– Академиялық күнтізбенің дайындап, бекітуге ұсыну, орындалуын бақылау;
– Факультет бойынша анықталатын жұмыс сағаттарының есебін, ПОҚ-ң жеке жүктемелерін, университет бойынша жалпы жұмыс сағаттарының есебі мен штат кестесін бекітуге дайындау, нормативтерге сәйкестігін бақылау;
– Факультеттер бойынша кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтерді нормативтерге сәйкестігін бақылау;
– Университеттің оқу ғимараттардағы аудиториялық фондты тиімді пайдалануды және сыйымдылығын санитарлық нормаларға сәйкестігін бақылау;
– Сабақ кестелерін және аралық, қорытынды аттестаттау кестелерін құрастырылуын қадағалау, нормативтерге сәйкестігін бақылау;
– ПОҚ-ның педагогикалық жүктемеге сәйкес сабақ кестесінің орындалуын тексеру;
– Факультеттер бойынша профессор-оқытушылардың оқу жүктемесін орындау туралы жарты жылдық және жылдық есебін қабылдау;
– Қорытынды және аралық аттестаттауды ұйымдастыру;
– Университеттің жұмыс комиссия мүшесі ретінде емтихандардың Ережелерге сәйкес өтілуін қадағалау;
– Білім берудің сапасын арттыру мақсатында емтихан материалдарын даярлаудың үлгілік өзгерістері туралы ПОҚ-на ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
– Білім алушылардың аралық және қорытынды бақылаудың нәтижелерін талдау, ұсыныстар беру;
– Білімгерлерінің оқу процесін ұйымдастыруға, сабақ беру сапасына және бағалау саясатына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында сауалнама ұйымдастыру және өткізу;