shape
    shape
    Дайындық орталығы

    Дайындық факультеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 06.10.1997 жылғы №1/447 бұйрығымен ашылды. Құрылған кезінен бастап Қазақстандық және Түркиялық болып Түркі дүниесінен келетін білім алушылар түрік, қазақ, орыс және ағылшын тілін курс жүйесіне қарай үйренуде. Білім алушылар, Дайындық факультетінде күз және көктем жарты жыл, 2 семестр бойынша тек қана тіл үйренеді. Дайындық факультетінде оқитын білім алушылар, топтарға бөлініп, әр топта 2 тілде білім алады. Білім алушылар, тіл үйренгеннен кейін факультеттерді таңдай отырып, өз мамандықтарын 4 тілде жалғастыра алады.

    Дайындық факультетінің білім алушылары, оқу жылында 3 түрлі топқа бөлінеді. Бірінші топ Түркия квотасындағы білім алушылар (TK): бұл білім алушылар Қазақстан азаматтары, Түркия Республикасының шәкіртақысына ие. Екінші топ Түркі дүниесінен келген тыңдаушылар (TD): бұл тыңдаушылар, әр түрлі мемлекеттерден және Түркі Мемлекеттерінен келеді және Қазақстан Республикасының шәкіртақысына ие. Түркі дүниесі үшін 200 грант бөлінеді. Үшінші топ Түркия Республикасынан келген тыңдаушылар; бұл тыңдаушылар Қазақстан Республикасының шәкіртақысына ие.

     

    Этикалық Ережелер

     

    Сыйластық негізіндегі өзара қарым-қатынас,

    Ұрыс-жанжалдан өзін аулақ ұстау,

    Ұйымшылдық; кәсіптілік; тәлімгерлік;

    Жауапкершілікті мойына алу,

    Турашылдық, сенімділік және жауапкершіліктің мәнісін ұғу.

    Жемкорлықты жою,

    Адамдарды кемсітетін жағдаяттардан аулақ болу (этникалық түбір, дінді насихаттау, нәсілшілдік),

    Өзге аумақтардан келетін білім алушылардың мәдениеті, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету,

    Оқу үдерісін қолдау,

    Білім  алушылардың білім тәртібі және тұлға ретінде дамуын қалыптасуы үшін еңбек ету.

     

     

    shapes
    shapes
    shapes