Мәдениет орталығы 1999 жылы іске қосылған.
Мәдениет орталығының жалпы көлемі: 8635,4м²•Үлкен зал – 658 орын. Үлкен зал заманауи дыбыс, жарық аппаратурасымен, синхронды аударма жүйесі жабдықталған. Сахна төрінде LED экран қойылған.Кіші мәжіліс зал – 180 орын. Кіші мәжіліс зал заманауи дыбыс аппаратурамен және синхронды аударма жүйесімен жабдықталған.
«Көркемсуретті түркі дүниесі тарихы» мұражайы. Мұражай 4 бөлімнен тұрады: «Түркі халықтарының тарихы» атты көркемсуретті панорама. Көркемсуретті панораманың аумағы 306 шаршы метрден, биіктігі 6 метрден, ұзындығы 51 метрден тұратын, күмбезді дөңгелек залдан тұрады. Бұл панорама жұмыр жерді мекендеген түрік халықтарының тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі бедерлі тарихын тұтас тамашалауға мүмкіндік береді. Түркі әлемі бейнеленген ғаламшар, Түрік әлемінің ұлы ойшылдары мен қайраткерлерінің картина галереясы, Түркі халықтарының ұлттық киімдері. Ясауи» археологиялық мұражайы. Мұражайдың ішінде археологиялық жәдігерлермен бірге хандар галереясы, картиналар галереясы және филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XV-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты бірегей кітабына енгізілген XV-XIX ғғ. тиесілі, Қазақ мемлекеттілігінің терең тарихын сипаттайтын 30 картасының көрмесі орналасқан