shape
    shape
    Стипендия мүмкіндіктері

    Конкурс кезінде ең маңызды – талапкердің жинаған ұпайы.

    Алдымен грант сол мамандықты таңдаған ұпайы ең жоғары түлектерге береді. Одан кейін ғана (жалпы грант аяқталған соң) түрлі квоталарды қарастырады.

    Грант конкурс кезінде берілетін квоталар:

    • Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін квота – 1 %
    • Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін квота – 0,5 %
    • I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота – 1 %
    • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота – 4 %
    • Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квота – 5%
    • Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін квота – 1%
    • Бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін
    • квота – 1%.
    • Биыл әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балалар үшін жалпы квота мөлшері 15%-ға дейін көбейеді.

    Мемлекеттік атаулы стипендия — Қазақстан Республикасы үкіметінің № 175 («Мемлекеттік атаулы стипендияны бекіту туралы»)   2011 жылдың 24 ақпан Қаулысына сәйкес тағайындалады және орындар саны ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген. Талаптар бойынша  3 және 4 курс студенттерінің  жыл бойы алған білім көрсеткішінің нәтижелері «өте жақсы» деген баға болу керек.
    Физикалық және заңды тұлғалармен берілетін атаулы стипендия техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымның күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерге, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім алатын студенттерге тағайындалады (косымша: толык аккпарат үшін басыныз)

    Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) тағайындалады және төленеді.

    Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудан кейін келетін айдың бірінші күнінен бастап семестр аяқталатын айдың соңына дейін қоса алғанда ай сайын төленед (Tолык аккпарат үшін басыныз)

     

    shapes
    shapes
    shapes