shape
    shape
    Біз туралы
    Біз туралы

    Миссия 

      Терең тарихтан жарқын болашаққа!

    Қожа Ахмет Ясауидің зияткерлік және мәдени мұрасынан шабыт алып, ой еркіндігі мен әмбебап академиялық принциптерді сақтай отырып, ұлттық рухани сана-сезімі жоғары, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастық пен адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын түсінетін Түркі әлемінің жастарына  халықаралық стандарттарға сай, бәсекеге қабілетті және сапалы білім беру арқылы түркі тілдес елдердің ынтымақтастығына үлес қосу.

    Келешек келбет

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістанды түркі дүниесінің ортақ білім беру шаңырағына айналдырады

     

    Құндылықтар 

    Университеттің негізгі құндылықтары Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен әмбебап академиялық этиканың синтезі негізінде қалыптасады:

    1. Серіктестік және құрмет: университет өз қызметін құрылтайшы мемлекеттердің бауырлас халықтардың достығына, теңдігіне, мәдени айырмашылықтарына құрмет пен толеранттылығына негізделген басты қағидаттарын басшылыққа ала отырыпжүзеге асырады. Біздің негізгі ұстанымымыз — жеке адамды, оның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу. Біз бір командада жұмыс істейміз, серіктестік негізде әріптестерімізге әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Біз бауырмалдық көзқарас пенжағымды энергия арқасында бір-бірімізге шабыт сыйлаймыз.
    2. Ашықтық және сенім: білім беруқызметі барлық мүдделі тараптар мен көпшілік үшін ашық, еркін және қолжетімді түрде жүзеге асырылады. Университеттің басшылық лауазымдарындағы барлық адамдар өздерінің шешімдері, әрекеттері және олардың салдары үшін жауап береді. Біз өз пікірімізді ашық айтамыз және басқалардың пікірін тыңдаймыз. Біз студенттерімізге, оқытушыларымыз бен қызметкерлерімізге құлақ асамыз және олардың нақты қажеттіліктерін түсінеміз. Біз бір-бірімізге сенім арту арқылы,қоғамдық сенім мен әлеуметтік капиталды қалыптастырамыз. Біз университетіміздегі барлық адамдармен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынас орнатамыз.
    3. Әділдік және адалдық: біздің университеттің барлық қызметкерлері мен студенттері әділдік қағидасын ұстанады. Университет басшылығы қызметкерлерді кемсітуге ешқашан жол бермейді және оларды меритократия қағидасымен басқарып, олардың еңбегін құрметтейді. Білім беру және ғылыми қызмет үдерісінде академиялық этика мен парасаттылықтың жоғары стандарттары сақталады және қолдау табады.
    4. Біліктілік және еңбекқорлық:біздіңұжым және білім алушылар еңбек үдерісіне оң көзбен қарап, көп жұмыс жасауға және нәтижеге жетуге бағдарланған. Біз ертеңгі еңбек нарығының қажеттіліктерін болжай алатын бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын жасауға ұмтыламыз, біз үшін бұл өте маңызды.
    5. Инновация және бейімделу: біз инновациялық көзқарасты, белсенді позицияны, ұйымдастырушылық икемділік пен ұтқырлықты бағалаймыз. Өзгерістерге дайын болу- бастапқы жоспармен әрекет етуден гөрі маңызды. Біз үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздейміз. Осылайша біз әлемді жақсы жағына өзгертетін жаңа идеяларды ойлап табамыз және оларды жүзеге асырамыз
    shapes
    shapes
    shapes