shape
    shape

    Ауызашар Дастарханы Жайылды

    Ауызашар Дастарханы Жайылды
    Ауызашар Дастарханы Жайылды

    Қасиетті Рамазан айында оқу ордамызда жылдағы дәстүр бойынша университет құрамы мен студенттеріне арнайы ауызашар дастарханы жайылды.

    Рамазан айы бастау алғалы еліміздегі және Түркия Республикасының қалаулы азаматтары мен мекемелері университетіміздегі барша қауымға арнап ауызашар беруде.

    Ізгі істі алғаш болып Түркия мемлекетінің «Kayatürk Group» компаниясы бастады. Аталған компания атынан Орталық асхана мен Филология факультеті және Кентау кампусында екі күн бойы 1250 адамға ауызашар берілді.

    Ал, бүгін отандық «Rams Qazaqstan» құрылыс компаниясының демеушілігімен тағы да 1250 адамға арнайы ауызашар дастарханы жайылады. Құрылыс компаниясының демеушілігімен ауызашар үш күн бойы берілмек.

    Айлардың сұлтаны – Рамазан айында жасалатын бұл игі іс алдағы уақытта өзге де демеушілердің қолдауымен жалғасады.

    shapes
    shapes
    shapes