shape
    shape

    Университет Студенттері Мен Ұжымы Қайырылымдылық Акциясын Өткізді

    Университет Студенттері Мен Ұжымы Қайырылымдылық Акциясын Өткізді
    Университет Студенттері Мен Ұжымы Қайырылымдылық Акциясын Өткізді

    Бүгін университетіміздің Спорт және өнер факультеті “Актерлік өнер” мамандығының 2 курс студенттері ұйымдастырған қайырылымдылық акциясы аясында “Пай-пай, жас жұбайлар-ай” комедиялық қойылымы сахналанды.

    Болашақ актерлердің қойылымды сахналаудағы басты мақсаты - еліміздегі табиғат апат салдарынан зардап шеккен өңірлердің халқына қолдау көрсету. Студенттер билет сатылымынан жиналған қаражатты материалдық көмекке жұмсамақ. Мұны көпшілік алдында сөз алған әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев атап өтті.

    "Пай-пай, жас жұбайлар-ай” қойылымы жаңа ғана шаңырақ көтеріп, отау құрған жұбайлардың тағдырын бейнелейді. Бүгінде қоғамда отбасы бірлігін сақтау, қиыншылықтарға төтеп беру өзекті мәселе. Студенттер отбасындағы ашықтық және сенім құндылығын комедиялық спектакль арқылы әдемі көрсетіп берді.

    Қойылымның қоюшы режиссері - Мәдениет саласының үздігі Айткүл Сейтметова, балетмейстер - аға оқытушы Малика Мұхамеджанова, музыкасын өңдеген - аға оқытушы Бахадыр Тажиметов.

    Жас актерлер сахналаған қойылым көпшіліктің көңілінен шығып, көрермендердің қошаметіне ие болды.

    Айта кетерлігі, қиын жағдайға тап болған отандастарымызға тек студенттер ғана емес, университет оқытушылары мен қызметкерлері де әлеуметтік қолдау көрсетуге ниет білдірді. Игі бастама көтерген 400-ден астам оқытушы мен қызметкер өздерінің 1 күндік жалақысын қайырылымдылыққа аударды. Осылайша, университет ұжымы атынан 3 млн теңгеден астам қаражат қайырылымдыққа жұмсалады.

    shapes
    shapes
    shapes