shape
    shape

    Студенттеріміз Республикалық Олимпиада Жеңімпазы Атанды

    Студенттеріміз Республикалық Олимпиада Жеңімпазы Атанды
    Студенттеріміз Республикалық Олимпиада Жеңімпазы Атанды

    Университетіміздің студенттері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясында өткен ХVI Республикалық Студенттік Пәндік Олимпиадасында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

    Атап айтар болсақ, "Қыл қобыз" номинациясы бойынша "Дәстүрлі музыка өнері" мамандығының 4 курс студенті Фехер Богларка ІІІ орын лауреаты атанды. Жетекшісі – аға оқытушы Ерасыл Қаумбаев.

    Сондай-ақ, "Музыканы оқыту әдістемесі" номинациясы бойынша “Музыкалық білім" мамандығының 4 курс студенті Өтегенова Арайлым ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – магистр оқытушы Ляззат Телбаева.

    Ал бүгін сайыс жүлдегері Фехер Богларка мен жетекшісі Ерасыл Қаумбаевты университет ректоры Жанар Темірбекова арнайы қабылдадап, жарқын жетістігімен құттықтады.

    Богларка Фехер университетімізге Мажарстан (Венгрия) мемлекетінің келіп, білім алып жүр. Мажар қызының қазақтың тілі мен мәдениетіне деген махабаты ерекше. Тіпті, Тұмарша деген қазақ есімі де бар. Богларка мемлекеттік тілімізде еркін сөйлеп, қобыз бен домбыраның, сонымен қатар саз-сырнайдың құлағында ойнайды. Оның қазақтың мәдениеті мен дәстүрін танытуға деген ықыласын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жоғары бағалап, өз атынан арнайы алғыс хат және төсбелгімен марапаттаған еді.

    Ректормен кездесуде Богларка болашақта білімін жалғастыруға, қазақтың ұлттық аспаптарын тереңінен меңгеру ниеті бар екенін айтты. Жанар Темірбекова университет тарапынан қолдау көрсетілетін атап өтті.

     

    shapes
    shapes
    shapes