shape
    shape

    «Ясауи Жолы» Спектаклі Сахналанды

    «Ясауи Жолы» Спектаклі Сахналанды
    «Ясауи Жолы» Спектаклі Сахналанды

    «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының аясында университетімізде «Ясауи жолы» спектаклі қайта сахналанды.

    Спектакльдің актерлік құрамы – Актерлік өнер мамандығының 3-курс студенттері. Ал, қоюшы режиссері – ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжанов. 

    Ахмет Ясауидің ауыр да азапты өмірін көрсеткен бұл драмада – әділеттілік пен зұлымдықты, білім мен надандықты, мейірім мен қатыгездікті күрестіре отырып, ұлы ойшылды тарихи тұлға еткен мінезі бейнеленеді. 

    Сондай-ақ, Ясауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикметтің» жазылу тарихы, ақынның ауыр тағдыры және хан мен билердің әділетсіз шешімдерін өткір сынағаны көрсетілді. Қойылымда Қожа Ахмет Ясауидің Ислам әлемін тек араб тілінде емес, түркі тілінде тануға болатынын дәлелдеген, өз ілімін үйретіп, шәкірт тәрбиелеген ұстаздық бейнесі тереңінен баяндалады. 

    Спектакльдің соңғы сахнасында бабамыздың ғасырлар бұрын армандап: «Яссы топырағы білім мен ғылымның, мәдениеттің отанына айналса екен»,- деген ақ тілегі жеткізілді.

    Жүректерді тебіренткен қойылымнан соң, қалың көрермен тік тұрып, қошемет көрсетті. Осылайша, оқу орнымызда ұйымдастырылған Ясауи апталығы түркі халықтарының рухани ұстазын ұлағаттауға арналған қойылыммен өз мәресіне жетті.

     

    shapes
    shapes
    shapes