Бүгін университетімізде ЖОО арасындағы «Студенттік спорт лигасы» оңтүстік аймақтық ойындарынан: шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол спорт түрлерінен жарыстар өз мәресіне жетті.
Спорт лигасының алғашқы ойындары волейбол, шахмат және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен өтті. Сайыс нәтижесі бойынша жеңіске жеткен командалар:
Ерлер арасындағы волейбол сайысы бойынша:
1-орын Ахмет Ясауи университеті
2-орын Орталық Азия Инновациялық университеті
Қыздар арасындағы волейбол сайысы бойынша:
1-орын М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
2-орын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Ерлер арасындағы шахмат сайысы бойынша:
1-орын Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
2-орын Ахмет Ясауи университеті
Қыздар арасындағы шахмат сайысы бойынша:
1-орын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
2-орын Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Ерлер арасындағы тоғызқұмалақ сайысы бойынша:
1-орын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
2-орын Орталық Азия Инновациялық университеті
Қыздар арасындағы тоғызқұмалақ сайысы бойынша:
1-орын М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
2-орын Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Спорттық сайыста жүлделі орын алған барлық команда арнайы марапатталып, сый-сияпаттарға ие болды. Сонымен қатар, спорт лигасында «Үздік төреші» атанған бірқатар төрешілер де марапатталды.